Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.02.2022

Ауған соғыс тарихы

17-ақпан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-сінде 10-11-сынып оқушыларға арналған ақпарат сабақ өтті. АӘДТ оқытушы - ұйымдастырушысы: Еслямов Расул Ерланұлы «Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді»,-деп айтып кетті.<br />Сабақтың мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру, жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу, тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру, Отанын сүюге тәрбиелеу.<br />Сабақта, С. М. Акимбековтың «История Афганистана», екі томдық «О павших в Афганистане», «Память из пламени Афганистана» атты үш томдық ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің сұхбаттарымен танысып, талдау жұмыстарың жүргізді. <br />Әрі қарай, күні кеше өмірден озған ауған майданында «Қара майор» атанған полковник Борис Керимбаевтың «Капчагайский батальон» атты деректі фильмі көрсетілді.

18.02.2022

"Спорт және СӨС"

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де <br />Ауғанстаннан әскерлерді шығаруының 33 жылдығына орай "Спорт және СӨС" фракция мүшелері 7-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып өткізді.                                                                    

18.02.2022

Ауған соғысы

Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды.  Осыған орай АӘД оқытушы- ұйымдастырушы Р.Е.Еслямов 6 - шы  сыныптарға  ақпарат сабағын өткізді.

18.02.2022

«Ақпарат және баспасөз»

15  ақпан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің  мектеп Парламентінің «Ақпарат  және баспасөз» фракциясының   мүшелері Кеңес әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай  дәлізде ақпараттық  стендт  безендірді.

18.02.2022

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл

11-15 ақпан күндері "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің кітапханасында Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

18.02.2022

«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»

2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында өткен «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты  қайырымдылық акцияларына  ұстаздар қауымы  белсенді қатысып,  аз қамтылған отбасы және  көпбалалы отбасы оқушыларына   кеңсе  тауарларын  сыйға тартты. 

17.02.2022

Правильное питание-залог здоровья

Медицинским работником школы Мокшановой Е.В.проведена беседа с учащимися "Правильное питание-залог здоровья"