Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.02.2022

«Сүйіспеншілік – өмір негізі»

«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»  атты онкүндігінің жоспарына сәйкес  2022-ші жылдың 3 ақпан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен  1,2,3-сынып оқушыларының қатысуымен   «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында рухани әңгімелер өткізілді.  Мақсаты: «сүйіспеншілік», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру; барлығын сүйе білуге, сүйіспеншілікпен жақсылық жасауға баулу; балаларды сабырлылыққа, әдептілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

08.02.2022

Өзін- өзі тану он күндігі

2 ақпан күні кітапханашы  Б.А. Мамбеталинова кітап көрмесі арқылы  оқушыларды рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен Қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларымен  таныстырды.

08.02.2022

" Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

2022 жылдың 1 ақпанында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де " Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің ашылуы өтті.<br />Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ұждан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, сияқты құндылықтарды қалыптастырады.<br />Осыған байланысты біздің мектепте онкүндікті өткізу жоспары құрылып, оқушыларға жарияланды. Сонымен қатар дәлізде ақпараттық стенд безендіріліп, оқушылар және ұстаздар өздеріне ұнаған гүлді таңдап, махаббат педагогикасы туралы ұлы тұлғалардың сөздерін оқи алды.