Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.01.2022

«Қағаз кітап электронды кітаптан жақсы»

Кітап пен газеттің таяу арада керексіз болып қалатын сияқты. Елімізде биыл жабылған газеттің санында шек жоқ. Бұған қарағанда бүкіл ақпараттың электронды сипатқа өтетін түрі бар.
Электронды кітаптар қолайлы қызметтерге толы. Бірақ олар әлі де қағаз кітапқа жете алмайды.Дәстүрлі кітаптардың жақтаушылары қағаз кітаптың орнын ештеңе баса алмайтындығы туралы әр жерде айтып жүр.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің Мектеп парламентінің белсенділері және «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері аға тәлімгер Э.Г. Еслямнің ұйымдастыруымен «Қағаз кітап электронды кітаптан жақсы» тақырыбында өткен дебат ойынына белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

26.01.2022

Ұшқыр ой алаңы

Болашақта қандай мамандарға сұраныс артады? Кәсіптің қандай түрі кірісті әрі өзекті болады?
Бұл—көпшілік жастар мен оқушыларды мазалайтын сұрақ.
Қазір сіз оқып жүрген мамандық алдағы он жылдықта сұранысқа ие болатынына кім кепіл? Бұл да, уақыт еншісіндегі мәселе.
Зауыт, фабрикаларда қара күш жұмсайтын жұмысшыларды енді ойлау қабілеті инновациялық, тың идеяларға толы адамдар алмастырады. Роботтар мен автоматтандырылған жүйе ауыр әрі қиын жұмысты өз мойнына алады.
Осы орайда 11 сынып оқушылары бұл тақырыпты белсенді түрде талқылады.

26.01.2022

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2022 жылдың 22 қаңтар күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатова және  психолог М.Берденова  "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

26.01.2022

Кәсіптік бағдар

Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекетті басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.
Оқушылардың болашақ бағыты мен оқу орындарын тандау мәселесін шешуге көмек бере отырып, олардың әлеуметтік, кәсіби және мәдени дайындығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 21 қантар күні 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар бағыты бойынша жұмыс жүргізілді, яғни Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

26.01.2022

12-18 жастағы оқушыларды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ата-аналарды ақпараттандыру

12-18 жастағы оқушыларды короновирустық инфекцияға қарсы  вакцинациялау туралы  ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында 17 қантар күні 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына  онлай жиналыс ұйымдастырылды.  Тақырыпқа сай ақпаратты мектеп медбикесі А.Қ. Жарасбаева ұсынды. Жиналыс барысында  өз балаларына екпе салдыртқан ата-аналар сөз сөйлеп, қатысқан ата-аналарды екпе салдыртуға шақырды.