«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2021 жылғы 09 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін СҚО бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Акция аясында жоспарланған:

Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

- автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);

- балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Қайта оралу Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім беру бөліміне немесе тікелей тұрғылықты жері бойынша білім мекемесіне хабарласа алады.

Ғабит Мүсірепов атындағы

білім бөлімінің бас маманы А.А.Сарсекеева

Туған жер деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына сіңіру, қандарына дарыту және Елбасымыздың жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп оқушылары жаз бойы кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа және ата-аналардың туып өскен жеріңе бірге барып, қаз басқан қасиетті мекеніне өз сүйіспеншіліктерін білдіруде.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 13 тамызында психолог А.Жахинамен әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
10 тамыз күні Абай Құнанбаевтың 176 жылдығына “Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып оқушылары Ұлы Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқыса, ортанғы және жоғары сынып оқушылары Абайдың өмірбаяны түралы ауызша журнал тамашалады. Сонымен қатар кітапханашы Б.А. Мамбеталинова « Жазғы мектеп» оқушылар үшін «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» кітап сөресін дайындады. Мақсаты: Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысу, оқушылардың рухани -адамгершілік мәдениетін дамыту, жас ұрпақтың бойында қазақ халқының дала ұлысына деген мақтаныш сезімін, патриоттық сезімін ояту.
Құрметті ата-аналар!!!
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 5 жастағы балаларды 2021-2022 оқу жылына мектепалды даярлық сыныбына қабылдауды жалғастыруда!!!
Мектепалды даярлық сыныбына қабылдану үшін келесі құжаттар қажет:
- Ата-анасының /немесе заңды өкілдерінің өтініші/
- Туу туралы куәліктің көшірмесі
- Фото 3*4 /2 дана/
- Медициналық тексеру /денсаулық паспорты/

Барлық сұрақтар бойынша 20 – 4 - 57 телефонына хабарласыңыз
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 24 шілдесінде әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына және Астана күні мерекесіне орай
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де онлайн форматта "Нұр-Сұлтан- бас қала, арман қала" атты сынып сағаттары, жоғарғы сыныптар арасында "Арманың Ақордам, аяулы Нұр- Сұлтан" слайд - викторинасы өткізілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен вело- пробег ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Рухани Жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ - нің бастауыш сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының батырларының ерліктерін естен шығармау, тарихпен таныстыру мақсатында Ұлы Отан соғысы ескерткішіне экскурсия жасады.
#Қазақстан Республикасының 30 жыл
Құрметті ата-аналар мен балалар! Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынамалармен таныс болыңыздар.
#Төтенше жағдайлар
6 шілде Елорда күніне орай " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де оқушылардың бойында патриоттық сезімін күшейту мақсатында "Мен Қазақстан патриотымын" атты балалар сурет байқауы өтті. Сонымен қатар мектеп жанындағы миницентр орталығының және жазғы лагерь балалырына кітапханада
" Нұр - Сұлтан- болашақтың қаласы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін " Дені сау мен, гүлденген Қазақстан" атты флешмоб өткізілді.
24 мамыр күні " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де ата- аналар жиналысы онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Жиналыста ата- аналар 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен, жазғы мезгіл кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты. Сонымен қатар ата- аналарға жазда балалардың кешкі уақытта заңды өкілсіз жүруге болмайтыны туралы ескертілді. Жиналыста жазғы мектептің кестесі, 9, 11 сыныптарының емтихан кестесі туралы айтылды. Ата- аналар қосымша сұрақтар қойып, сұрақтарға толық, қанағаттанарлық жауап алды.