1маусымнан 12 маусым аралығында "Новоишим қазақ орта мектеп" КММ- де "Балалар еңбегін қанауға қарсы күрес 12 күндігі" атты тақырыбында іс- шаралар өткізілуде. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 0-4 сыныптар арасында "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс- шара, "Балалар еңбегін қанау:сұрақтар мен жауаптар" атты стенд безендірілді, Оқушыларға "Балалар құқықтары мен міндеттері" бейнеролигі көрсетілді, 8-10 сыныптар аю "Балалар еңбегін қанау" презентация әзірледі, 5-10 сыныптар арасында "Заң біз үшін, біз заң үшін" атты онлайн- челленджі өтті. Сонымен қатар " Біз балалар еңбегін қанауға қарсымыз" атты плакаттар сайысы салынды.
Бүгін, яғни 4 маусым күні, "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің оқушылары мен мектеп ұжымы және "Қызылжар" шағын орталығының тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР әнұранын бірлесіп орындады.
Сонымен қатар 5-8 сыныптар арасында "Туы биік елдің- тұғыры биік" атты спорттық жарыс өткізілді.
Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары 4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күніне ұйымдастырылған "Туым- намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім- мақтанышым" атты патриоттық акциясын белсенді қолдады.
1маусым - халықаралық балалар күні "Қызылжар" шағын орталығының тәрбиешілері өз тәрбиеленушілерге мерекелік іс- шара ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл сыйлай білді.
1 маусым – халықаралық балалар күніне орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 0-4 сыныптар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, "Қарлығаш" мектеп жанындағы жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Мерекеге жиналған балаларды қарақшылар «Каріб аралына» саяхат жасауға шақырды. Бірақ Флинт есімді білім қарақшысы бұл аралдың кілтін жоғалтып алыпты. Кілтті табу үшін балалар кемеге отырып, келесі аралдарға тоқтап, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады:
«Теңіз шайқасы»; «Тасбақа аралы »; «Сегізаяқ аралы; «Жоғалған кемелер аралы»; «Қара інжу аралы». Соңғы аралда балалар "Флешмоб" биін билеп,
қазынаны іздеуге кірісті.
Нәтижесінде балалар бұтақтардың астынан сандықты алып шығып, кілтті да таба алды. Барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Жоспарланған мерекеміз балалардың көнілдерінен шықты.

Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз!!!
Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 31 мамыр қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарих пәні мұғалімі А.Б.Даированың жетекшілігімен 11 сыныптарда тарихи сағат өтті.
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді!
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы ісіңмен қуантыңдар енді елді!

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің жаныдағы интернатта «Сыңғыр, сыңғыр қоңырау!» атты мерекелік кеш интернат ұясынан қанат қағып ұшқалы тұрған түлектерге арналып өтті.
Аталмыш кеште интернат тәрбиеленушілері түлектерге арнап өлең жолдарын оқып, би билеп, ән айтты.Түлектер де ортаға өнерлерін салып, кішкентай балаларға өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынып, аманаттарын тапсырды.
Тәрбиеші Байгарина А.Ж. ұйымдастыруымен өткен кеш өте қөңілді және тартымды өтті.
25 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 11 сынып оқушылар үшін "Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты салтанатты саптүзеу өтті. Сонымен қатар 1-10 сыныптарда тақырыптық тәрбие сағаттары өтті.
#Тәуелсіздіке 30 жыл
#Солтүстік Қазақстана облысына 85 жыл
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
«Адалдық дүкені» акциясы өтті. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар өздеріне қажетті заттарды сатып алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болды. Яғни, дүкенде сатушысыз затты сатып алып, өздеріне қызмет көрсетті. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады. Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.
22 мамыр күні жалпыреспубликалық ата- аналар жиналысының тұжырымдамасына сәйкес "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің 1-11 сыныптарда онлайн және оффлайн форматта бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1.2020-2021 оқу жылының жетістіктері. 2. "Қарлығаш" жазғы мектеп жанындағы лагерінің жұмысы. 3. Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы 4. Жазғы қауіпсіздік ережелері / ЖЖЕ, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі/. 5. Әр- түрлі сұрақтар
21 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Новоишим станция желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында темір жол көлігі аймағының қауіпті аймақ екендігін әрқашан естен шығармауы керек екенін, қалыптасқан ережелердің бұзылуы, жеке абайсыздық пен жайбарақаттық қатты өкінішке соқтыруы , жарақаттануы мен апатына ұшыратуы мүмкін деп оқушыларды ескертті.
«Bilim Land», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Елбасы Академиясының ұйымдастыруымен пандемия жағдайындағы 2020-2021 оқу жылын қорытындылауға арналған республикалық онлайн конференцияға Солтүстік Қазақстан облысынан 3 мұғалім шақырылса, соның ішінде екеуі Новоишим қазақ орта мектебінің алгебра және геометрия пәні мұғалімдері Идирисова Аманкүл Райымбекқызы және Нугуманова Ағайша Қоспанқызы. Аталған ұстаздар қашықтық оқыту кезінде «Bilim Land» платформасын маңызды пайдаланып, оқушыларға тиянақты білім бергені үшін «Үздік ұстаз» атағына ие болып, ұйымдастырушылардың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!!