Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.08.2021

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны»

Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы жедел  психологиялық қызмет көрсететін  «Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны» Қызметі жұмыс атқарады. Қызметтің негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің қалыпты жеке дамуы, олардың құқықтарын сақтау үшін жағдайлар жасауға үлес қосу.

26.08.2021

Қыздар репродуктивті денсаулығын сақтау

20 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 8-11 сынып қыздары Нұрсұлтан қаласының дәрігер- дерматовенеролог О.В Бондарчуктің  СӨС тақырыбында өткен онлайн-конференцияға  қатысты. Қыздар   репродуктивті денсаулығын сақтау тұрғысынан көптеген пайдалы ақпарат алды.

26.08.2021

"ҚР Мемлекеттік рәміздері"

20 мамыр күні рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де аға тәлімгер Еслям Э.Г- ның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылар арасында "ҚР Мемлекеттік рәміздері" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
#Руханижаңғыру
#мемлекеттікрәміздері

26.08.2021

"Кітап -алтын қазынам"

20 мамыр күні "Оқырман мектеп" жобасы аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 3 сыныптар арасында "Кітап -алтын қазынам" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
#оқырманмектеп
#Руханижаңғыру

26.08.2021

“Ұранды елдің - ұрпағы қайсар”

Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жандыра түседі.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 5 күні “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар” әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау.
#Руханижаңғыру
#патриоттықәндер

26.08.2021

" Менің бақытты отбасым"

15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына  қатысты.

26.08.2021

"Менің бақытты отбасым"

15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына қатысты.
#халықаралық отбасыкүні

26.08.2021

9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру

«Новоишим  қазақ орта мектебі»  КММ-де  Чаглинка ауылында орналасқан жоғары агротехникалық колледждің оқытушылары  12 мамыр күні,   Солтүстік  Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық  колледжінің оқутышылары  13 мамыр күні 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: мектеп оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауына көмектесу.

26.08.2021

"Менің есімде, менмақтан тұтамын"

9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде", "Менмақтан тұтамын" тақырыбында бейнероликтер жасады.

26.08.2021

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Көрменін мақсаты: Оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

26.08.2021

"Мен армияда қызмет етемін!"

7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне 5-6     сынып оқушылары "Мен армияда қызмет етемін!"  онлайн-суреттер көрмесіне қатысты.

26.08.2021

"Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!"

9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!" тақырыбында бейнероликтер жасады.