23 сәуір күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентіне Сайлау өтті. Сайлауға 7-11 сынып оқушылары, ұстаздар қатысып, өз дауыстарын берді. Әр фракцияға женімпаздар анықталды.
#Мектеп парламенті.
#Мектеп өзін-өзі басқару.
#РУМЦДОМОНРК
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Осыған орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ 4 сынып оқушыларымен "Алдымызда 5 сынып" деген тақырыппен мектеп психологі Сердалина Т.Б сабақ-тренинг өткізді. Сабақ барысында оқушыларға 5 сыныптың ерекшеліктері, болуы мүмкін қиындықтар және оларды тезірек жеңуге арналған кеңестер ұсынылды.
3 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі Закирьянов А.Б "Интернеттегі қауіпсіздік" және "Желідегі қарым-қатынас этикасы" тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Танымдық бейнеролик көрсетіп, оқушылардың желідегі қауіпсіздігін сақтауға арналған кеңестер ұсынды.
12 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында челлендж-акциясына қатысты. Жастар ресурстық орталығы полиция бөлімімен және прокуратура өкілімен бірлесіп Новоишим ауылының тұрғындарына интернет-алаяқтық туралы толық ақпарат берді.
Новоишим қазақ орта мектебінде "30 игі істер" марафоны аясында еріктілер тобы көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-қимыл бойынша жадынамаларды таратуды жалғастыруда.
<28 наурыз - игі істер күні>. Бұл күні балалар ата-аналарына үй шаруасының жұмыстарын істеуге көмектесті.
<27 наурыз күні – Кино күні>
Кино - көп өнердің бір түрі, киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша бұл күні оқушылар қазақстандық және ресей режиссерлардың танымдық фильмдерін қызығушылықпен тамашалады.
"30 игі іс" марафоны аясында Новоишим қазақ орта мектебінің ер мұғалімдері мен оқушылар көктемгі кезеңдегі су тасқынына жол бермеу мақсатында мектеп периметрі бойынша жұмыстар жүргізді.
< 25 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні>
Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар. Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-
асық ойыны.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.
<26 наурыз – Оқу және жазу мәдениетінің күні>

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал.

«Оқырман мектебі» жобасы аясында және осы күнді қолдау мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің ата-аналары балалары мен бірге белсенді кітап оқуға кірісті.
Отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында наурыз айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нде «Оқырман мектеп» жобасы аясында «Ең көп оқитын отбасы» атты мектепішілік байқау өтті. Нәтижесінде қатысқан отбасылар «Ең ерекше отбасы», «Ең шығармашыл отбасы», «Ең интеллектуалды отбасы» номинацияларына ие болып, «Ең көп оқитын отбасы» анықталды.
В целях адаптации к навыкам семейного чтения, формирования устойчивых отношений между библиотекой и семьей в марте месяце в КГУ «Новоишимская казахская средняя школа» в рамках проекта «Читающая школа» прошел внутришкольный конкурс «Самая читающая семья». В итоге участвующие семьи получили номинации «Самая необычная семья, «Самая творческая семья, «Самая интеллектуальная семья» и определилась «Самая читающая семья".
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нде «Оқырман мектеп» жобасы аясында «Әлемді кітапханаға айналдырамыз» ұранымен «Ал, оқы, қайтар» деп аталатын Букроссинг кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар кітаптарды сыйлаумен қатар, сүйікті кітаптары мен авторлары туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті.
В КГУ» Новоишимская казахская средняя школа в рамках проекта «Читающая школа» под девизом «Сделаем мир библиотекой» был организован букроссинг-уголок книгообмена под названием «Возьми, прочти, верни". Также прошла акция «Подари книгу школе". В ходе мероприятия участники не только подарили книги, но и поделились интересными историями о своих любимых книгах и авторах.