Согласно плану мероприятий на весенние каникулы "Дети Казахстана - весенняя капель" 25 марта проведен день спортивной активности. Ребята приняли участие в соревнованиях по национальным видам игр.
24 наурыз - Табиғат күні. Экологиялық бағыты бойынша Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары биология пәні мұғалімі Д.Ж. Шыныбаеваның жетекшілігімен « Менің эко- үйім» жобасына қатысып, өз үйлеріндегі өсімдіктерінің түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар бөлме өсімдіктерінің шығу тарихымен, өсімдіктерінің кең тараған түрлерімен таныстырып, бөлме гүлдерін күтудегі кеңестерді пайдаланып, көрсетті.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өтіп жатқан «30 игі істер» марафоны аясында, Наурыз мерекесі қарсанында коронавирустың алдын алу мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің «Еріктілер» клубының мүшелері «Өмірді игі істерге арнайық!» атты акциясына белсенді қатысып, мектепте, дала көшелерінде медициналық бетпелерді тегін таратты.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, онда қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бағытында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушылары сынып жетекшілері М.М. Жахина және А.Т. Смагулованың жетекшілігімен «Сырға салу» дәстүрін дайындады.
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында ертеңгіліктер өтті. Іс-шара барысында мереке туралы жалпы түсінік беріліп, қазақтың ұлттық ойындары көрсетілді. Қыздарымыз «Шашбау» биін билеп, өлеңдер айтты. Мереке балалардың көнілдерінен шықты.
17 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 1-11 сыныптарда наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес «Тарихқа тағзым күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне , ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу.
17 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қауіпсіз интернет айлығы аясында 1-4 сынып оқушыларымен мектеп психологі Жахина А.М «Мен үшін ғаламтордың пайдасы меп зияны» деген тақырыпта әңгіме сағатын өткізді. Балаларға ғаламтордың мүмкіндіктері, пайдасы мен зияны және ғаламтор жүйесіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.
15 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қауіпсіз интернет айлығы аясында 5 сынып оқушыларымен мектеп психологі Сердалина Т.Б «Ғаламтор және мен» деген тақырыпта әңгіме сағатын өткізді. Әңгіме барысында оқушыларға бейнеролик көрсетіліп презентациялармен жұмыс істелді. Балаларға ғаламтордың мүмкіндіктері, пайдасы мен зияны және ғаламтор жүйесіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нде 2021 жылдың наурыз айының 12 күні әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатова 5-11 сынып оқушыларына whatsapp мессенджері арқылы «Толеранттылық", «Келісім», «Терроризм», «Экстремизм» туралы ақпарат берді. Мақсаты:оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нде 15 наурыз күні "Адал Ұрпақ" клубы мүшелерінің қатысуымен "Адал бол" акциясы өткізілді".
Акция барысында "Есіңде сақта!" , "Пара бересің, мерзімін аласың!» тақырыпта ақпараттық буклеттер таратылды.
Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті- рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қызу қуаттайды. Оқырмандардың өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында, «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында «Оқырман мектеп» жобасы аясында «Мектепке кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылған. "Мектепке кітап сыйла" акция аясында ата-аналар, ұстаздар, мектеп оқушылары бірнеше кітаптарды сыйға тартты. «Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға атсалысқан ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп оқушыларына зор алғыс білдіреміз!!!