Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.01.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды.

Новоишим қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Дүйсенбин Е.Б.

Бүгін 2021 жылдың 5 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды.

Бұл мақалада азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда əрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мəрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді қарастыруымыз қажет.

«Тəуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның əрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.»- деп Президент атап кетті.

-Бірінші онжылдық жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі. Осы уақытта Елбасыныңбасшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипло матиялық қатынас орнатылды. «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық.

-Екінші онжылдықта - Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жыл дарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық əлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тари хымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көш басшыларының съездерін, Еуропадағы қауіп сіздік жəне ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге жəне басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дəлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрынсоңды болмаған қарқынмен дамыды.

-Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мəселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. Əр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялықинновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси жəне экономикалық реформалармен қатар Рухани жаңғыруға баса мəн бердік.

-Төртінші онжылдыққатағы мақсатымыз - Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсетін Ұлт болу.Сондықтан ол үшін – саяси-экономикалық реформаларды одан әрі жалғастыру керек.

Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тəрбие алып, əлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.

Халқымыздың біртуар перзенті Əлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. «Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тəуелсіздігімізді одан əрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Барша отандастарыма, əсіресе жастарға айтарым: кең-байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жос парларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, əрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар!» – деп Президент атап кетті.

Менің ойымша Президент бұл мақалада Қазақстан халқын туған жерге,өз Отанымызға деген патриоттық сезімімізді, одан да жоғары болу керектігін атап өтті.

Ата бабаларымыздан қалған Ұлан байтақ жеріміздің біртұтастығынкелешек ұрпақ сақтауға тиіс. Тəуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тəуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз əрі дəйекті елдік саясатпен мəңгі жалғасады. Біз қуатты тəуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет.

Ұлт мүддесі мен мемлекет мұратын, Тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстайық!

Қазақстан елі жасай берсін!

06.01.2021

«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»

"Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" қысқы каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің үйірме жетекшілері оқушыларға спорттық бағытта «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» танымал спортшылар туралы бейнероликтер тамашалауды ұсынды.

06.01.2021

"Біздің отбасылық жәдігерлеріміз"

"Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" қысқы каникул кезіндегі балалардың бос уақытын, демалысын ұйымдастыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары арасында "Біздің отбасылық жәдігерлеріміз" онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Көрме мақсаты - ұмыт бола бастаған көне жәдігерлерді қайта жаңғырту, балалардың бойында ұлттық, рухани, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

06.01.2021

Скерцино. Мир талантов

6 января в Чистопольской СШ прошел День талантов Цихович Ангелина 2 "Б" класс класс. В.Косенко "Скерцино"

06.01.2021

Дождик" Мир талантов

Бабенкова Лиза 2"В" класс. С. Майкапар " Дождик" Мир талантов

06.01.2021

Балалайка".Мир талантов

Синицына Татьяна 1 "В" класс. И.Королькова "Балалайка".Мир талантов.

05.01.2021

дистанционный танцевальный марафон

5 января в Чистопольской СШ прошёл дистанционный танцевальный марафон

05.01.2021

«Біздің отбасымыздағы жаңа жыл»

«Қазақстан балалары қысқы ғажайып!»  қысқы  демалыс жоспарына сәйкес Новоишим қазақ орта мектебінде  отбасылық бағыты бойынша  5-6 сыныптар «Біздің отбасымыздағы жаңа жыл» фотожобасына қатысты.

05.01.2021

«Қазақстан балалары қысқы ғажайып!»

«Новоишим қазақ орта  мектебі» КММ-де  «Қазақстан балалары  қысқы ғажайып!»  қысқы  демалыс жоспарына сәйкес  даярлық  топтары  Жаңа жылдық онлайн шеберханасы аясында  өз қолдарымен ашық хаттар   жасады, 1-2 сыныптар «Қысқы ертегі» шығармашылық жұмыстардың онлайн-байқау көрмесіне қатысса,  3-4 сыныптар  «Аяз Ата» балалар суреттерінің байқауына қатысты.

05.01.2021

Қысқы демалыс жоспарына сәйкес 0-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті

30 желтоқсан күні  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де  қысқы демалыс жоспарына сәйкес 0-11 сыныптарда   сынып сағаттары өтті.  Қысқы демалысқа  шығуына байланысты  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бағыты бойынша   сынып жетекшілер   оқушыларға  пиротехникалық құралдарын  дұрыс пайдалану туралы, жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша  бейнероликтерді, слайдттық презентацияларды  тамашалауға  ұсынды.

04.01.2021

Казахстан на олимпийских играх

4 января в КГУ "Чистопольская средняя школа" согласно плана работы на зимних каникулах день прошел под девизом "Мы за здоровый образ жизни" учащиеся были ознакомлены с презентацией "Казахстан на олимпийских играх"