Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасында сақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа , қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік сезімін арттыруға, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында 14 желтоқсан күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1-11 сыныптарында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті
Мұражай бұрынғы мен қазіргі материалдық және рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» - деген. Өткен тарихымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейміз, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсінгіміз келеді.<br />Таным дүниесіне осылайша қарасақ, мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. <br />Туған өлке тарихын білу және насихаттау, оқу – тәрбие жұмысында мұражай жинақтарын пайдалану мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі С.Ж. Алгожина 4 сынып оқушылар үшін мұражайлық сабақ өткізді.