Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.11.2020

«Сапалы білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз етудегі ресурстық орталықтың рөлі»

2020 жылы 25 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебі Калинов орта мектебімен бірігіп «Сапалы білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз етудегі ресурстық орталықтың рөлі» облыстық онлайн-семинарды өткізді. Семинардың мақсаты: Білім сапасын қамтамасыз етуде тірек мектептері (ресурстық орталықтардың) жұмыстарын үйлестіру, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдер түрлерін анықтау.
Онлайн- семинардың барысында Новоишим қазақ орта мектебінің атынан «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ тәрбие ісінің орынбасары Амиржанова Б.К баяндады, келесі сұрақпен «Сыныптан тыс жұмыстар оқу іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде». Өз баяндамасында Бахытгуль Кеңесқызы солай деді: Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік,мейірімділік,қайырымдылық,кішіпейілділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Ауыл – ата бабамыздың кіндік қаны тамған жері, ұлтымыздың алтын бесігі, оның әлеуметтік және мәдени дамуының басты күретамыры.
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыру және шағын жинақты мектептердің мәселелерін шешу мақсатында 2016-2017 оқу жылында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан орталығында біздің Новоишим қазақ орта мектебі ресурстық орталыққа айналды. Біздің ресурстық орталыққа «Шұқыркөл орта мектебі» КММ, «Жаманшұбар негізгі мектебі» және «Сарадыр негізгі мектебі» магниттік мектептер ретінде тіркелді.
Жұмыс барысында ресурстық орталыққа магниттік мектептерден келетін оқушылардың саны анықталып, тізімі дайындалады. Ресурсқа келген оқушылар жатақхана бөлмелеріне орналастырылып, күн тәртібімен, мектеп жанындағы жатақхана ережелерімен таныстырылады. Оқу-тәрбие үрдісі бойынша күн тәртібі, сабақ кестесі бекітіліп, тәрбие жұмысына маңызды назар аударылады.Сыныптан тыс жұмыстар оқу іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Новоишим қазақ орта мектебінің әкімшілігі спикерлерге және қатысушыларға алығысымызды білдіреміз.

26.11.2020

"Балаларды бірге сақтайық"

Новоишим қазақ орта мектебінде 20.10-20.11.2020 ж. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған "Балаларды бірге сақтайық" онкүндігінің іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектебіздің бірінші қабатында «Бала құқығы-адам құқығы» атты стенд ұйымдастырылды.Жоспар бойынша "Бала үшін серіктестік" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.Zoom платформасы, whatsapp мессенджері арқылы өткізілді. Барлық ата-аналар қамтылды.5-7 сныптар аралығында "Өмірді сақта"атты әлеуметтік жарнама, және 8-9 сыныптар арасында "Менің құқығым бар" буклеттерін әзірлеу және тарату" ұйымдастырылды. 9-13 қараша аралығында 11 сыныптар "Құқықсыз өмір сүруге бола ма" атты шығармашылық сурет және эссе ұйымдастырылды. 16-18 қараша күндері 10 сыныптар "Болашақтың балалары" атты шығармаларға қатысты.1-15 қараша аралығында "Балаларды бірге қорғайық" он күндігіне орай 0-2 сынып оқушылары арасында «Ана, әке және мен» үздік бірлескен сурет байқауы өткізілді. 3-4 сыныптар аралығында бала құқығына байланысты псххолог А.М Жахинаның ұйымдастыруы мен сурет байқауы өткізілді.Психолог Т.Сердалина және Әлеуметтік ұстаз А.Байбулатованың ұйымдастыруымен "Балалар құқықтары әлемі" дүниежүзілік балалар күніне арналған тренинг  өткізілді.Әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатова, мектеп медбике А.Жарасбаеваның ұйымдастыруымен "Дені сау болу сәнді" дөңгелек үстел. Zoom платформасы арқылы өткізді.

26.11.2020

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер»

12-қарашада Новоишим қазақ орта мектебінде қашықтықтан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер» атты эрудит ойыны өткізілді. Ойынға 5 «А» және 5 «Ә» оқушылары қатысты. 5 «А»-сынып тобының құрамында-Мырзагелді Аяжан, Дауенова Айша-бибі, Хакімбек Әмина. 5 «Ә»-сынып тобының құрамында- Есентимирова Ақерке, Қабдұлсұлтан Бейбарыс, Жұманқұлова Жанар қатысып ерекше дарындылықтарың, білімдерің жоғарғы дәрежеде көрсете білді.
Ойын қорытындысы бойынша, 1-орынға 5 «А»сынып оқушылары, ал 2-орынға 5 «Ә»сынып оқушылары ие болып, мадақтамамен марапатталды.
Орындаған: аға тәлімгер: Еслям Эльмира Гумаровна

26.11.2020

«Отбасылық шеберхана»

Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 13 қараша күні  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің  4-9 сынып оқушылары сәнді-қолданбалы  өнер бағыты бойынша  «Отбасылық шеберхана» атты  ата-аналардың шеберлік сыныбына қатысты.  Сонымен қатар сәндік бұйымдар жасауда түрліше композициялық шешім жасауды  және әсем сәндік  жұмыстарды  жобалаудағы  бейнеролигін тамашалады.

26.11.2020

«Менің Отаным - Қазақстан»

Ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау,  жас ұрпақты  патриотизмге тәрбиелеу мақсатында  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 9 қараша күні жоспарға сәйкес «Менің Отаным - Қазақстан» балалар суреттерінің онлайн көрмесі өтті. Аталмыш іс-шараға 0-8 сыныптар қатысты.