Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.11.2020

«Қазақстан балалары - күзгі интерактив!»

«Қазақстан балалары - күзгі интерактив!»  күзгі демалыс аясында 7 қараша күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің  9-11 сынып оқушылары кәсіптік бағдар бағыты бойынша   Қазақстан университеттеріне  виртуалды саяхат жасады.  Яғни Facebook @ bala.edu.gov.kz , Instagram @kord_mon_rk  ресми парақшаларында   жарияланған ақпаратпен толық таныс болып,  ҚР жоғары оқу орындары туралы, факультеттері мен мамандықтарының тізімімен, оқу мерзімімен, еңбек нарығындағы мамандыққа сұранысы туралы ақпарат   алды.

26.11.2020

"Еріктілер" Лигасына қабылдау салтанатты

2020 жылдың 5 қарашасында Новоишим агро-техникалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан волонтерлер Лигасына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Аталмыш іс -шараға  Новоишим қазақ орта мектебінің  белсендіі еріктілері Кожахметова Даяна Жане Молдаш  Гулим қатысты .

26.11.2020

"Еріктілер" клубы

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің "Еріктілер" клубының мүшелері Жолбарыс Әсет, Елемесов Еркін, Елемесов Жанболат, Давлетназаров Еркебулан, "Асар"  акциясы аясында жалғыз басты тұратын қарт адам Карабань Антонинаға  барып, көмір кіргізуге  көмектесті.

26.11.2020

«Қызыл жар» шағын орталық алтын күз мерекесі

Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы «Қызыл жар» шағын орталығында алтын күз мерекесі өтті. Мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерге күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
Іс-шара барысында мерекелік көңіл – күй орнатылып, балалар ән салып, би билеп, түрлі іс - әрекеттерге тартылды.

26.11.2020

«Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы»

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де оқушылардың күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғатқа сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу , қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Алтын күз» мерекесіне арналған іс-шаралар жүргізілді. 0-4 сынып аралығында «Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы» онлайн – байқауы өтсе, 5-8 сыныптар аталмыш тақырыпқа қол өнерлерін ұсынды. 9-11 сынып оқушылары кез келген техникада суреттер салып, фотокөрмеге қатысты.
Нәтижесінде: «Күз ханшайымы» 2А сынып оқушысы Егінбай Қаматай, ал «Күз ханзадасы» атағын 2 А сынып оқушысы Серік Али иеленді.
Қол өнер көрмесінде: 1 орын Габдулсаматова Толғанай /7 ә сынып/, 2 орын Бекболат Сати /7а сынып/
Сурет байқауы: 1 орын Бауыржан Аружан /10 а сынып/, 2 орын Калишева Аружан /10 а сынып/.
Барлық қатысқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

26.11.2020

«Мен мықты болсам, Қазақстан да мықты»

Адам психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы.
Қазанның 19-30 аралығында Новоишим қазақ орта мектебі психологтары Сердалина Т.Б мен Жахина А.М ұйымдастыруымен «Мен мықты болсам, Қазақстан да мықты» деген тақырыппен психологиялық денсаулық онкүндігі өтті. Онкүндік барысында мынадай іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді: «Өзіңнің көңіл-күйіңді көтеріп қуана біл» 8 сынып оқушыларына араналған дәріс, «Кибербақылау» ата-аналарға арналған түсіндіру жұмысы 5-11 сыныптар, «Досыңа тілек» тілектер тақтасы 5-6 сыныптар, «Өмір ғажап» плакаттар сайысы 1-4 сыныптар, «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» акция шағын орталық, «Коронавирустан сақтану жолдары» кезекші сыныптарға медбике кеңесі, «Көңіл күй кемпір қосағы» тренинг 1-4 сыныптар, «Жақсы көңіл күй жан азығы» мұғалімдерге арналған тренинг, «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері» дәріс, «Теннистен жарыс» мұғалімдер арасында. Онкүндікті өткізуге ТІО Амиржанова Б.К, Мусаибова Г.Т, әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н, медбике Жараспаева А.Қ, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Коккых Қ, Жабагин Т.Е ат салысқан мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.

26.11.2020

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

Новоишим қазақ орта мектебінде 22.09-25.10.2020ж. аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы»  атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 5-8 сыныптар арасында «Жолда жүру ережесі» бойынша бейнероликтер көрсетілді және жол қозғалысы ережелерін түсіндіру туралы презентация өткізілді. 06-09 қазан аралығында жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша 0-11 сыныптар сынып сағаттарын өткізілді. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 5-7 сыныптар арасында «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында сурет байқауларын өткізілді. 1-4 сыныптар арасында психолог А.М.Жахина  «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында флеш-моб ұйымдастырды. 21-23 қазан аралығында психолог Т.Б.Сердалинаның ұйымдастырылуымен «Тағдырымның бақытты билеті» тақырыбында тренинг  өткізілді.

26.11.2020

«Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер»

ЕЛІНДІ СҮЙСЕН - ЕРЛІК ІСТЕЙСІҢ!

«Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Алғашқы әскери дайындық пәні әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Новоишим қазақ орта мектебінің алғашқы әскери пәнінің мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы Т.Е. Жабагин оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерлерде қолдана білуіне басты назар аударуда.
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, сыныптан тыс уақытта да жастардың әскери iстi жақсы меңге…

26.11.2020

"Мектепке жол" акциясы

Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде "Мектепке жол" акциясы өтуде.Бұл шараның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жаңа оқу жылында әр түрлі әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бара алмай қалуының алдын-алу жаппай білім берумен қамтылмай қалған балаларды анықтап, қолдау көрсету. Акция барысында ауданымыздың әкімшілігінен, мекеме басшыларынан, ұстаздардан 13 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді."Атаулы әлеуметтік көмек" алуға құқығы бар отбасыдан шыққан 10 балаға кеңсе тауарлары ретінде көмек берілді.

26.11.2020

"Қауіпсіз мектеп ортасы" атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 8-11сыныптар арасында "Кибербулинг дегеніміз не?"

Новоишим қазақ орта мектебінде 2020 жылдың 10 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 8-11сыныптар арасында "Кибербулинг дегеніміз не?" атты слайд көрсетілді. 5-6 сыныптар арасында әлеуметтік желілердегі анонимді қорқыту туралы кибербулинг бейнероликтер көрсетілді. 6-8 сыныптар арасында кәмелетке толмағандар құқығын қорғау туралы баяндама берілді. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау туралы ата-аналарға жадынама таратылды. "Жолда жүру ережесі"бойынша бейнероликтер көрсетіліп, "Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі" тақырыбында суреттер салынды.

26.11.2020

"Психоактивті заттардың, темекі шегудің, электронды темекінің, спайс, снюс, есірткінің алдын алу"

18 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің  оқушылары мен ұстаздары "Психоактивті заттардың, темекі шегудің, электронды темекінің, спайс, снюс, есірткінің алдын алу" тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты. Семинарда осы зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері, одан пайда болатын аурулар туралы айтылды. Балалардың денсаулықтары мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау, физикалық белсенділік,  дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау өте маңызды екені ескертілді.

26.11.2020

«Отбасылық құндылықтар-мәңгілік»

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Отбасы күніне орай 9-11 сыныптарда «Отбасылық құндылықтар-мәңгілік» тақырыбында онлайн сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету, ата - ана және бала қарым - қатынасы өзара байланысын қалыптастыру. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.