Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.11.2020

« Халықтың достығы-тілдердің достығы»

7-14 қыркүйек аралығында Тілдер күнінің онкүндік аясында Новоишим қазақ орта мектебінің «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиеленушілері және 1- 4 сынып оқушылары « Халықтың достығы-тілдердің достығы» тақырыбында сурет байқауына қатысты.
Сонымен қатар қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.М. Жахинаның жетекшілігімен 11сыныптарда «Ұш тұғырлы тіл» онлайн-викторина ойыны өтсе, 4ә сыныбында орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Ч. Жұмағалиеваның жетекшілігімен «Полиглот» интеллектуалды ойыны өтті.

26.11.2020

«Балалар – отбасы бақыты»

Новоишим қазақ орта мектебінің 0-4 сынып оқушылары  Отбасы күніне орай «Балалар – отбасы бақыты» атты  фотокөрмеге  қатысты. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отан – отбасынан басталатынын  оқушылардың ата-аналармен бірлесе жасаған фотосуреттерден байқауға болады.  Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.  Отбасы - отанымыздың  ошағы.

26.11.2020

Қазақстан халықтарының тілдер күні

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 8 қыркүйек күні  Қазақстан халықтарының тілдер күні аясында 2 ә сыныбында   А.Т. Смагулованың жетекшілігімен  ағылшын тілінде сыныптан тыс іс-шара өтті.

26.11.2020

«Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл»

7 қыркүйек күні  Қазақстан халқы тілдер күніне  орай жоспарға сәйкес  Новоишим қазақ орта мектебінің 1-11 сыныптарында    оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,  Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, оқушылардың  тілге деген құрметін,  қадір-қасиетін дамыту мақсатында  «Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

26.11.2020

«Нұр- Сұлтан – ұлы дала Астанасы»

Новоишим қазақ орта мектебінің «Қарлығаш» жазғы мектеп жанындағы лагері қашықтықта 4—ші аптада келесі іс-шараларды іске асырды:
29.06.20 ж. «Менің ауылым». Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушылар өз ауылдары туралы сурет салып, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынын ойнады.
30.06.20 ж. «Абай дана, Абай – дара қазақта». Абай атамыздың 175 жылдығына орай оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.
01.07.20 ж. 1 шілде – ұлттық домбыра күні аясында оқушылар «Домбыра - аңызға айналған аспап» тақырыбында Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күйлерін тыңдады, сонымен қатар жанға арналған құрал домбыра туралы әңгіме жүргізілді, «Әр түрлі ғасырлар бойы домбыраның дыбысы өшпейді» тақырыбында бейнероликтер тамашалады.
Сонымен қатар бұл күні сақтық шаралары, дарумендер қабылдау іс-шаралармен жалғасты. Балалар қазіргі қауіпті жағдайға байланысты өздері сақтық шараларын ұстанып, барлықтарын қатан ұстануға шақырды.
02.07.20 ж. «Менің достарым». Оқушылар өздерінің достары туралы қызықты бейнеәнгімелер айтты.
03.07.20 ж «Менің Астанам» . Бұл күні оқушылар «Нұр- Сұлтан – ұлы дала Астанасы» тақырыбында суреттер салды, «Ұлы қала» тақырыбында бейнероликтер тамашалап, «Нұр - Сұлтан қаласының көрікті жерлері» виртуалды саяхат жасады.

26.11.2020

"Шынықсаң шымыр боласың"

Жаз мезгілінің бірінші айы келуімен бірге балалардың да мерекесі есікті ашты. 1  маусым Халқаралық балаларды қорғау күні  "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ жəне "Қызылжар" шағын орталығы  тəрбиешілерімен "Шынықсаң шымыр боласың" атты іш -шарасы жəне мектепалды даярлық сыныбы мұғалімдерінің дайындаған видеосымен балаларға арнап қашықтық түрде өтті. Балалардың шығармашылығын тамашалау үшін 3 тапсырмадан құралған Би сайысы, əн сайысы жəне сурет сайысы өткізілді. Осы сайыстарға балалар белсене қатысып марапатқа ие болды.

Би сайысы

І орын: 1"ə" сынып Елеуке Айлана,

2 "ə"сынып Айтқожа Аян, Ермекова Медина

Əн сайысы

І орын 1"ə" сынып Коккыз Сабира

2 "ə" сынып Шыныбаева Аяжан.

Сурет сайысынан

0-1 сынып арасынан

І орын даярлық "а" сынып Бексеитов Амир

1"ə" сынып Бексеитов Алмаз

2-4 сынып арасынан

І орын:

2 а сынып Бексеитов Алихан, Кожанкулов Адильхан

2 ə сынып Шыныбаева Аяжан, Айтқожа Аян, Жантулин Арлен, Ермекова Медина. Белсене қатысқаны үшін Алтаева Аяулым грамотамен марапатталды.

Оқушыларға сайыстарға қатысқандары үшін көп рахмет. Мерекелерің құтты болсын.