Оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында 23-24 мамыр күндері Новоишим қазақ орта мектебінің психологі Т.Б. Сердалинаның ұйымдастыруымен 8,9,10 сынып оқушылары арасында «Сенің кәсіби ой-ниетің» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді.
25 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1-11 сынып оқушылары онлайн сынып сағаттарына қатысты. Іс-шара барысында оқушылар жылдың атаулы мерейтойлары туралы сөз қозғады, IV тоқсан және жылдық оқу-тәрбие қорытындысы мен жазғы қауіпсіздік ережелерімен толық танысты. Биылғы оқу жылының түлектері және мектеп оқушылары мұғалімдер ұжымына шын жүректен жасаған құттықтау-бейнероликтерді тарту етті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан да ардақты ұстаздарға игі тілектер жолданып, мың алғыс білдірілді.