<p>Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиеленушілері және Новоишим қазақ орта мектібінің оқушылары 3, 4 наурыз күндері Нежинка ауылында өткен 18-ші би фестиваліне қатысты. Барлық қатысушыларды жылы лебізбен қарсалып, сыйлықтар мен марапаттарды табыстаған үшін, дәстүрге айналған іс-шараның ұйымдастырушыларға ата-аналар және мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.!!!</p>
<p>Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы интернатта «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» интернат ұлдарының ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама өтті.</p><p>Мерекелік кеште ұлдар әзіл-қалжыңға толы көріністер көрсетіп, заманауи билерімен кештің көркін келтірді.</p><p>Ана жер басып жүрген адам баласын жаратушы да, оның ұрпағын мәңгі жалғастырушы да. Сондықтан бұл дүниеде анадан артық, анадан ардақты, анадан құдіретті ешнәрсе жоқ.</p>
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Новоишим қазақ орта мектебінде «Жасұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Көктем аруы -2020» байқауы өтті. Мақсаты: қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы жеңімпаз аруын анықтау. Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша, " Көктем аруы - 2020" атағын 6 "А" сынып оқушысы Бүркітбай Жангүл иеленді.