Меню KDT

Новости

Главная Новости

Алдағы уақытта тәртіпсіз оқушы мектептен шығарылады

Алдағы уақытта бірнеше тәртіп бұзған оқушы сол мектептен шығарылады. Яғни, оның басқа білім ордасында оқуына тура келеді. Үкімет жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай ұсыныстар айтылды. Мамандар бұл жұмысты мектеп пен ата-ана арасындағы келісімшарт арқылы бекітпек. Бұдан басқа, оқушыларға қымбат ұялы телефон ұстауға да тыйым салынады. Психологтардың да санын арттыру жоспарда бар. Қазір еліміздегі 7 мыңдай мектепте бір-бірден ғана маман бар көрінеді. Жалпы, еліміздің Бала құқықтары жөніндегі заңда ата-ана міндеттері жалпылама жазылған. Комиссия мүшелері ата-анаға жүктелетін жұмыстарды нақты жазуды ұсынып отыр

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/aldagy-uaqytta-tartipsiz-oqushy-mektepten-shygarylady-123970?fbclid=IwAR3ni09t4uEU5KQprJg72XjKICd2XPRSvJvIZcKZ9eJdmrA2byBMAn-xXek
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kaztrk.kz

https://kaztrk.kz/news/qogam/aldagy-uaqytta-tartipsiz-oqushy-mektepten-shygarylady-123970




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено