15 мамыр Отбасы күні мерекесі
15 мамыр Отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде бір қатар іс-шаралар жүргізілді:
1. Кітапханашы Ш.К. Кусаинова оқушылардың назарына отбасылық құндылықтар туралы тақырыптық кітаптар сөресін ұйымдастырды.
2. Әлеуметтік ұстаз А.Н. Байбулатованың жетекшілігімен 10 сыныпта «Мерейлі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
3. «Дені сау болғанымызды қалаймыз!» тақырыбында 1 сыныпта спорттық іс-шара Г.Е. Амиржанованың ұйымдастыруымен өтті.
4. Үлкен үзілісте 1-11 сынып оқушылары далаға шығып «Отанды сүю отбасынан басталады» ұранымен флешмоб биін биледі.

