Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 15 желтоқсанда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нде салтанатты жиын өткізілді, онда "Жас Қыран" ББЖҰ қатарына 1-сынып оқушыларын салтанатты қабылдау өтті, 5-сынып оқушылары үшін "Жас Ұлан" ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау ZOOM платформасында өтті. Қабылдаудың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру болып табылады. Біз "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ББЖҰ-ның жаңа мүшелерін осы тамаша оқиғамен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер және шығармашылық жеңістер тілейміз!