Оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 23 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында "Жас сарбаз" ББЖҰ арасында "Еліміз туралы шырқайық әнімізді!" атты патриоттық әндердің аудандық сайысы өтті, оған БӘТД ұйымдастырушы-педагог И.С.Даниловтың жетекшілігімен "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің 10-11 сынып оқушылары Рева Ирина, Сатаев Кирилл және Харичков Олег қатысты. Лайк саны бойынша Кирилл Сатаев пен Олег Харичков жеңіске жетті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!!!