Жаңа жыл - жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Әлбетте, оның өзі де, дәстүрлері де алыс өткеннен бастау алады. Сонымен қатар, көптеген ғасырлар бойы жаңа жылды қарсы алудың негізгі дәстүрлері өзгерген жоқ. 2021 жылғы 2 қаңтарда қысқы демалыста өткізілетін іс-шаралар жоспары шеңберінде "Рузаевка орта мектебі" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Нұрғалиева мектеп оқушылары арасында "Жаңа жылдық отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар" атты онлайн-бейнежоба өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойында отбасылық салт-дәстүрлерге деген құрметті тәрбиелеу.