2 ақпан күні 1-11 сыныптарда «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» пәні бойынша онкүндіктің ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Онкүндіктің мақсаты: бес жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымы арқылы балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылысын, жеке қасиеттерін, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын көтермелеу. Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесі қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады.
Жиынды өзін-өзі тану пәні мұғалімдері өткізді: Иванова Т.Е, Зулкарнаева Н.А., Мирау И.А