2020 жылдың 23-24 қазаны аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 6 сынып оқушылары Аминова Анель және Петракова Виктория орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.Н.Кадунның жетекшілігімен 1-орынға, 5 "А" сынып оқушысы Егінбаев Асанали қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі С.М.Кабдуллинаның жетекшілігімен 1-орынға ие болды. 6-сынып оқушысы Лытнев Анатолий және 5 "Б" сынып оқушысы Шахворостов Артем география пәнінің мұғалімі Н.Н.Королишинаның жетекшілігімен 1-орын алды. Жеңімпаздарды құттықтап, болашақта табыс тілейміз!!!