Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру балалардың сапалы білім алуының маңызды бөлігі болып табылады. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ білім алушылардың тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 18 ақпанда "Рузаевка орта мектебі" КММ бракераж комиссиясының мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасын тексеру барысында санитарлық жағдайы мен тағам сапасына қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.