2021 жылғы 9-19 наурыз аралығында "Жас сарбаз" қоғамдық қозғалысының жасөспірімдер клубтарының оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша облыстық онлайн жарыстардың екінші кезеңі өтті. Аудандық "Ел тірегі" әскери-патриоттық клубының команда құрамына Ғ. Мүсірепов ауд. Калинов орта мектебінің 8 "В" сынып оқушысы Гринвальд Ангелина кіріп, "Күштік дайындық" және "Газтұтқышты кию" пәндері бойынша жеке біріншілікте бірінші орындарды иеленді. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының 15 клубтық командасы қатысты, балалар әскери-спорттық көпсайыстың бес пәні бойынша жарысты. "Ел тірегі" клубының командасы құрамында Стрекозин Глеб, Корнийчук Лев, Гринвальд Ангелина, Маратова Карина жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!!!