"Мен жəне мені қоршаған орта"
Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тəрбиеленушілерімен А.Ж. Байгарина "Мен жəне мені қоршаған орта" атты тəрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: тəрбиеленушілердің табиғат жəне оның əсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеу.