10.11.2021 жылы "Калинов орта мектебі" КММ мектеп жанындағы интернат оқушыларымен мектеп кітапханасының меңгерушісі Е.А. Боцуляк "Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының пайда болу тарихы"атты ақпараттық әңгіме өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, теңгенің айналымға енгізілуімен, теңге қай елде басылғанын, валюта авторларының аты-жөндерімен және қазіргі Қазақстандағы теңге валютасының мәнімен таныстыру болды. Іс-шараны өткізу барысында оқушылар талқылауға қосылды, викторина сұрақтарына жауап берді, "Шынайы қағаз ақша қайда екенін анықта" ойынына белсенді қатысты. Кітапханашының қойған мақсаттары толық көлемде жүзеге асырылды. Іс-шара танымдық және қызықты өтті.