Саптық жиын мектеп оқушыларын қоғамдық сонымен қатар мектеп пен сыныптық өмірге қосудың қарқынды әдістерінің бірі болып табылады. Жалпы мектептік саптық жиын ұйымдастыру және өткізу оқу-тәрбие қызметінің белгілі бір мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал етеді. Ең алдымен, бұл оқушыларды ел өмірінде де, әрине, туған мектебінің өмірінде де болып жатқан маңызды оқиғалар туралы хабардар ету. Бүгін, 2022 жылдың 18 сәуірінде "Калинов орта мектебі" КММ-де кезекті саптық жиын өтті. 5-11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Әнұранын салтанатты түрде орындады, содан кейін 11 сынып оқушылары "Рухани жаңғыру" бағдарламасының қабылданғанына 5 жыл толуына орай балаларға бағдарламаның мәні мен басты мақсаттары: мемлекетіміздің және халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарын сақтау және арттыру туралы еске салды.