Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.08.2021

" Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"

Новоишим қазақ орта мектебінің  7 мамыр - Отан қорғаушылар   күніне  арналған  спорттық  - патриоттық  челлендж " Елдің  мықты  тірегі - дені сау ұрпақ"

26.08.2021

«Ер жігіт – ел қорғаны»

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

26.08.2021

"Бірлік" этно-мәдени бірлестігі

Новоишим қазақ орта мектебінің "Бірлік" этно-мәдени бірлестігінің 1 мамыр күнімен құттықтауы.

26.08.2021

«Достық күші – бірлікте»

Оқушыларға  еліміздің  көп  ұлттылығын,  достығын,  бірлігін,  мәдениетін және байлығын насихаттай отыра,  достық пен бауырмалдыққа,  бейбітшілікке  тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін  дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға  тәрбиелеу мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-11 сыныптарда  «Достық күші – бірлікте» тәрбие сағаттары өтті.

26.08.2021

«Достықтың дархан ұясы»

2021 жылдың 26 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

26.08.2021

"1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі "

Бірлік күні аясында интернат  тәрбиешісі  Г.Қ. Увалиеваның   жетекшілігімен оқушылар  арасында "1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі " атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар мерекеге байланысты суреттер салып, шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне көңіл күй көтеретін жақсы лебіздерін білдіре білді.

26.08.2021

"Мен жəне мені қоршаған орта"

Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тəрбиеленушілерімен А.Ж. Байгарина "Мен жəне мені қоршаған орта" атты тəрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: тəрбиеленушілердің табиғат жəне оның əсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеу.

26.08.2021

«Чернобыль - апат, ерлік, ескерту»

Чернобль АЭС-ғы ядролық апаттың 35- жылдығына орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітапханада тақырыптық көрме ұймдастырылды. Сонымен
қатар 5-11 сыныптарда «Чернобыль - апат, ерлік, ескерту» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

24.08.2021

«Экология және мен»

Республикалық экологиялық білім беру апталығы  аясында  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де жоспарға сәйкес  1-4сыныптар «Экология және мен» тақырыбында  сурет байқауына,  ал 5-10 сыныптар плакаттар байқауына  қатысты. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

24.08.2021

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу.

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай- қандай болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Сыныптан тыс оқу балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттырып, оқу – жазуға үйретуді жетілдіре түседі.
Сондай – ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады.
Сәуір айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Мамбеталинова Б. А. оқырмандар арасында тақырыптық сайыстар оқуды қолдайтын үгіт-насихат жұмыстарының постерлер байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысқан сыныптар 3 «А», 3 «Б», 9 «Ә», 5 «Ә» .
Одной из актуальных областей развития языка ребенка является внеклассное чтение. Через внеклассное чтение ребенок замечает, чувствует, что происходит, что может произойти в окружающей его среде. Внеклассное чтение способствует самостоятельному чтению, повышению интереса к чтению и обучению письму.
Внеклассное чтение также формирует и повышает навыки самостоятельного чтения учащихся.
В апреле в КГУ "Новоишимская казахская средняя школа" библиотекарем Мамбеталиновой Б. А. среди читателей был организован конкурс плакатов агитационно-пропагандистской работы в поддержку чтения с тематическими конкурсами, в котором приняли участие 3 «А», 3 «Б», 9 «Б», 5 «Б» классы.

24.08.2021

"Біз әлемді тазалаймыз" және "Игі істер марафоны"

2021 жылының  24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу шеңберінде "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында -"Біз әлемді тазалаймыз"  және "Игі істер марафоны" жобасын іске асыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері және  мектеп қызметкерлері  бірлесіп жалпы республикалық сенбілікке қатысты.
#Рухани жаңғыру.
#қайырымды істер марафоны